KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 5 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Семейде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесі ашылды

4.11.2020, 06:52 73

Семейде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алматы облысы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Семей қаласына осындай тарту жасады. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталған. Жобаға сәйкес, көшенің ұзындығы – 2 100 метр.

Көше бойына қырлы табиғи тастар төселген. Орындықтар қойылып, балалар алаңқайы және спорт алаңдары салынды. Көше жарықтандырылды. Сондай-ақ ұзындығы 1600 метр болатын веложол да «Абай жолына» кіреді. Жалпы айтқанда, Әуезов даңғылы мен Селевин көшесі қиылысынан бастап ет комбинатына дейінгі аумақ түгел жаяу жүргіншілер көшесіне айналды. Көше бойында Абайдың нақыл сөздері жазылған жеті стела қойылғанын айта кету ләзім. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталуға жақын қалды.

– Алматы облысынан геодезистер келіп топографиялық түсірілім жасауда. Нысанды қабылдап алу тобы келді. Одан кейін оны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық департаментіне өткізеді, – дейді өндірістік жұмыс жетекшісі Рафаил Хазипов.


Айта кетейік, бұл жобаға 600 миллион теңге бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу