ШҚО әкімі Шәкәрімге арналған челленджді қолдады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған челленджге қолдау білдірді.
Өңір басшысы ұлт ақынының «Ғылымсыз адам...» атты өлеңінен үзінді оқыды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Ермек Беделбайұлы ақын өлеңдерін оқу челленджін іргелес Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтан қабыл алды.
«Шәкәрім Құдайбердіұлы хакім Абайдың замандасы әрі талантты шәкірттерінің бірі болған. Ұстазы сияқты Шәкәрім де ақиқат пен рухани ілім жолын таңдаған», – деді облыс әкімі.
Оқи отырыңыз
Шәкәрім Құдайбердіұлының тұрмыс жағдайы туралы сирек мәліметтер табылдыСемейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған ғылыми конференция өттіШәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағының факсимилдік нұсқасы жарық көрдіСемейде Шәкәрімнің 160 жылдығына орай Павлодар қаласымен әдеби телекөпір өттіДәстүрлі «Мұтылғанның тағдыры» атты білім сайысы өтті