Құс шаруашылығын дамыту жайы талқыланды – ШҚО
Облыс әкімі Ермек Көшербаев пен "Өскемен құс фабрикасы" АҚ Бас директоры Роман Романовтың кездесуі барысында Шығыс Қазақстанда құс шаруашылығын дамыту жоспарлары талқыланды.
Ұлан ауданына жұмыс сапары аясында Ермек Көшербаев еліміздегі құс етін өндіретін ірі кәсіпорындардың біріне барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Бізге осы бағыттың дамуын ынталандыру қажет. Біз ауылшаруашылық жерлерін ұлғайту, жемшөп базасын дамыту бойынша жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ кадрларды даярлау мәселесін бақылауға алу маңызды, – деді әкім Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы құс фабрикасы Қазақстанда құстан жасалған салқындатылған жартылай фабрикаттарды шығару бойынша көшбасшы болғанын және өндірісті одан әрі дамыту нарықты өз өндірісіміздің пайдалы және сапалы өнімімен қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.
Оқи отырыңыз