KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да өңірді дамытудың маңызды бағыттары талқыланды

Фото: shko.akim.official

30.06.2023, 12:28 272 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев аудан және қала әкімдерімен арнайы кеңес өткізіп, облысты дамытудың маңызды бағыттарын, атап айтқанда, сапалы заманауи медицина мүмкіндіктері, таза ауызсумен қамтамасыз ету, туризмді және білім беру саласын дамыту, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кеңес барысында ол жылжымалы медициналық кешендердің тиімділігін бағалап, нақты алгоритмін әзірлеу қажеттілігін тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 – Басты мақсат  – барлық, әсіресе шалғайдағы елді мекендердің сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу. Әкімдіктер, денсаулық сақтау басқармасы, медицина қызметкерлері мен халық арасында тиімді үйлестіру жұмыстары жолға қойылу керек. Министрліктер мен ведомстволардың жергілікті өкілдері облыстық ауқымдағы міндеттерді шешуге жұмылдырылуы қажет. Өйткені өмірдің көптеген салалары осындай өзара іс-қимылға байланысты,  – дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін де атап өтті. Ол үшін өңірдегі барлық мүмкіндіктер жетерлік.

 – Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті пайдалы әрі тиімді бизнес түріне айналуы шарт. "Жайлы мектеп" жобасын іске асыруда білім министрлігімен өзара іс-қимыл жоспары әзірленіп, әрбір нақты мектептің мүдделері мен өңірлік ерекшеліктері басты назарға алынады,  – деді Ермек Беделбайұлы.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу