KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, З
515.03 584.82 6.24

Тарбағатай ардагерлері Омбы-Майқапшағай жолының мәселесін көтерді

Фото: Ермек Имангазинов

9.08.2023, 14:15 598

Тарбағатай өңірінің ардагерлері облыс әкімі Ермек Көшербаевқа Омбы-Майқапшағай жолын жөндеуге қатысты сауал қойды.

Аймақ басшысы бұл мәселенің бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жөндеу жұмыстары биылғы желтоқсан айына дейін аяқталады деп жоспарланған.

– Жалпы, шекара маңындағы аймақтарды дамыту мәселесі өте маңызды.  Оны Президент Ұлттық құрылтай отырысында көтерді. Өйткені үлкен әкімшілік жұмыс талап етіледі, – деді Ермек Көшербаев. – Біз ол жерге өз жерлестерімізді, мамандарды тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік маңызы бар, ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу