Қандысудағы бөгетті жөндеу мультипликативті әсер береді
Фото: Шығыс ақпарат
ШҚО-да Қандысу су қоймасындағы бөгетті жөндеу мультипликативті әсер береді.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев Тарбағатай ауданына жұмыс сапары барысында жобалық қуаты 40 миллион текше метр суды құрайтын Қандысу су қоймасына барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір су деңгейі әлдеқайда аз, өйткені су өткізу жүйесі мен басқа жабдықтар апатты жағдайда және су деңгейі күрт көтерілген кезде бөгет бұзылуы мүмкін.
Сондықтан жақын арада су қоймасын реконструкциялауға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады, ол келешекте мультипликативтік әсер береді. Су суару арналары арқылы өткеннен кейін жаңа егістік жерлер пайда болады, сәйкесінше ауыл бизнесін дамытуға мүмкіндіктер болады. Сондықтан Тарбағатай ауданында өсімдік шаруашылығын дамыту перспективалары Қандысу су қоймасымен тығыз байланысты.