Өскеменде «Дөкей келе жатырды» көрсетеді
Наурыз айының соңында елімізге белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың жаңа қойылымы көрермендер назарына ұсынылады.
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры режиссерді аттай қалап шақыртқан. Қазір Өскемендегі театрда Сафуан Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» комедиялық спектакліне қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Адамды күлдіру, жай ғана күлдіріп қоймай сол арқылы шындықты жеткізе білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Режиссердің айтуынша, қойылым әдемі әзілмен, қазақы қалжыңмен өріліп жазылған. Театр актерлері әр кейіпкердің мінез-құлқын, болмысын ашу үшін барын салып жатыр
Биылғы 30 наурызда Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында қазақтың аса көрнекті жазушыларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» комедиясы көрермен назарына ұсынылады. Айта кетейік, бұл «Болашақ» бағдарламасымен білім алған режиссердің облыстық драма театрындағы алғашқы қойылымы.
Қуаныш Рахметоллаұлы