Оқушылар әскери-спорттық ойындардан жарысты – Өскемен
«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы өтті.
Өскеменде ұйымдастырылған сайысқа 10 ауданнан келген оқушылар қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткен ойынның мақсаты – балаларды патриоттық және әдептілік рухта тәрбиелеу, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстың мазмұнын жетілдіру, жастардың Отанға қатысты азаматтық және адамгершілік ұстанымын қалыптастыру және балаларды қосымша біліммен қамту.
Жарыс жолына шыққан 9-11 сынып оқушылары саптардың және әндердің көрінісі, тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау, атыс даярлығы, әскери кросс, турникке тартылу сынды бірнеше бағыттар бойынша бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Глубокое ауданы, екінші орынды Алтай ауданы алса, үздік үштікті Зайсан ауданы түйіндеді.
Айта кетелік, үздік шыққан команда республикалық «Айбын» әскери-спорттық сайысында өңір намысын қорғамақ.