KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да әлі 80 көлік жолда тұр

21.01.2019, 05:36 199

Шығыс Қазақстан облысында әлі 80 көлік жолда тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Сағат 11-00-дегі жағдай бойынша көлік құралдары кептеліп қалған жерде жолдың бір жолағы тазаланып, сол арқылы автокөліктер өтіп жатыр. Автожолда әлі де шамамен 80 көлік құралы қалды.  Автобустар бұған дейін Таскескен аулына жеткізілген, жолаушылардың келуін күтуде. Олар арнайы техникалармен жеткізіледі. «Қазавтожол» күшімен жолды тазалау жұмыстары жалғасуда, – деген мағлұмат берді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.


Қазіргі уақытта жолда 100 маман мен 41 техника тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.


Айта кетейік, бұған дейін аталмыш автожолда 312 адам эвакуцияланып, 200 көлік қар құсауында қалды деп хабарлағанбыз.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив