KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
522.38 612.6 6.54

Бірқатар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды - ШҚО

15.01.2022, 22:01 1 556

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен көктайғаққа байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелгенін хабарлайды.

- Бүгін сағат 14.15-тен бастап республикалық маңызы бар «Глубокое ауылы-Шемонаиха қаласы-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолындатіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ аталған көлік түрлері үшін республикалық маңыздағы «Семей-Қалбатау» және «Өскемен-Семей» тасжолдарында қозғалысқа тыйым салынды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу