KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Өңірдегі ауа райының қолайсыздығынан адамдар жолда қалды

23.12.2012, 18:00 218


Өткен тәулікте облысымыздың біраз өңірінде ауа райының қолайсыздығынан адамдар жолда қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің берген мәліметтеріне сүйеніп.

Ұлан ауданындағы тас жолда қар тұтқынынан 19 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 7 көлік босатылды.
Кеше Аягөзден 45 шақырым жердегі Қарауыл ауылына бағыт алған, ішінде 2 адам отырған «Нива» көлігі далада қалды. Таңға жуық құтқарушылар адамдарды ең жақын орналасқан елді мекен - Дөненбай ауылына жеткізді.

Сондай-ақ Семей-Қайнар тас жолында 50 жүк көлігі мен 10 жеңіл көлік қар құрсауына түсті. Бірнеше сағаттан кейін техника жолды тазартып, барлық автомобильдер қозғалысын жалғастырды.
Қазіргі кезде бұрқасын мен нашар көрінушілік салдарынан Өскеменнен Алматы, Зырян, Самар бағытына шығатын тас жолдар жабылды. Аймақта қар жауып, бұрқасындатуда, екпінді жел тұрды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив