KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Зайсан ауданында тағы бір мешіт ашылды

13.07.2022, 17:03 266

Зайсан ауданындағы Шалқар ауылында жаңа мешіт бой көтеріп, жамағат игілігіне берілді

Шалқар ауылының тумасы Саид Серікұлы ауыл халқына арнап мешіт салғызған. Күні кеше сол жаңа мешіттің ашылу салтанатты өтті. Шараға аудан әкімдігі өкілдері мен халық қалаулылары қатысты. Мешіттің лентасын ауылдың сыйлы ақсақалдары Мүбәрак ата мен Мұратқан Ажықанов қиды.

Ал аудан әкімінің орынбасары Ринат Тауасаров аулының дамуына өз үлесін қосқан Саид Серікұлына "Зайсан ауданының дамуына сіңірген Ерен еңбегі үшін" төсбелгісін табыстап, мешіттің құрылысына атсалысқан барша азаматтарды марапаттады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив