KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
510.18 601.91 6.51

Шаруа қожалықтың 9 миллион теңгелік затын тонап кеткен

11.07.2022, 17:07 1 638

Бесқарағай аудандық полиция бөліміне аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің 64 жастағы иесі келіп, бетон бұйымдарының ұрланғаны туралы хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар 10-25 маусым аралығында Ерназар ауылының маңында 16 бетон іргетасын, 6 баған тірегін және 7 бетон арқалықты ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 9 300 000 теңгені құрады.

-  Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері қылмысқа күдікті ретінде 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу