KZ
Өскемен
+10°
дождь жел 2 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Полицейлер жарты сағат ішінде көлік ұрлаған азаматты ұстады

18.03.2022, 12:18 80

Ақпан айының ортасында Риддер қаласының ПБ-ге 44 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз тұлға Гагарин даңғылындағы аулада тұрған оның «ВАЗ» көлігін айдап кеткені туралы арызданған. Осылайша шамамен 1 500 000 теңге залал келтірді.

Келіп түскен сигнал бойынша дереу барлық жеке құрам бағдарланып, «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Полиция қызметкерлері 30 минут ішінде күдіктіні қолға түсірген. Тергеу барысында қаскөй кінәсін мойындаған.

Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

- Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 200-бабы 1- бөлігі- «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив