KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
515.03 584.82 6.24

Өскеменде екі баланың үстіне аялдама құлады. Мән-жайы анықталып жатыр

28.06.2022, 16:47 351

Өскеменде 27 маусым күні қатты желден екі баланың үстіне аялдама павильоны құлады.

Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, кеше дауылдан электр сымы үзіліп, ағаштар құлаған. Трамвайлар 3 бағытта уақытша тоқтады. Сондай-ақ, Гагарин бульвары мен Өтепов көшесінде аялдама құлап, нәтижесінде 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Екеуі де қазір ауруханаға жатыр. 

- Гагарин бульвары аялдамасына «ҚазӘлем» компаниясы, Өтепов аялдамасына «Таза Өскемен» мекемесі қызмет көрсетеді. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін екі мекемеде ішкі аудит жүргізіледі, - делінген Өскемен қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі таратқан ақпаратта. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу