KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Өскеменде тағы бір жаңа жылы аялдама орнатылып жатыр

2.07.2020, 02:20 297

Кешен сырттан қарағанда "Қазақстан" және "Қ. Қайсенов" аялдамаларындағы smart-павильондар сияқты, бірақ көлемі жағынан үлкен болады.

Аялдаманың жабық және ашық бөлігінің жалпы ұзындығы 16 метрді құрайды. Ішіне кондиционер, Wi-Fi роутер және гаджеттерді зарядтауға арналған құрылғы орнатылады.

Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аялдама кешенінің айналасын жаяужол тақташаларымен төселеді. Ал «ескі де жаңа кешенді» 19-шы шағын аудандағы "Есенберлин" аялдамасының орнына қойылмақ.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу