ШҚО-да 68 мектепке жөндеу жүргізіледі
Бұл үшін өңірлік бюджеттен бір жарым миллиард теңгедей қаржы бөлінеді.
Сонымен қатар 7 жаңа білім ошағы салынады. Осындағы Күршім ауданы Ұрынқай ауылының ұстаздары жалғыз мектептің жарамсыз екенін айтып, бірнеше жыл бойы шағымданып келген еді. Биліктергілердің айтуынша, 1 қыркүйекте ауыл балалары жаңа мектепте оқиды. Білім беру нысаны барлық талапқа сай болмақ.
– Оңқайты ауылындағы Күршім ауданындағы және Жоңышқалы ауылындағы, одан кейін Бесқарағай ауданындағы Жыланды және Жарма ауданындағы Қапай батыр ауылдарындағы мектеп жаңадан салынатын болады. Сондай-ақ 2025 жылға қарай біздің облысымызда 33 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр. Егер осы мектептердің барлығы салынып біткенде облыста оқу орнының тапшылығы толығымен жойылатын болады, - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.
Оқи отырыңыз