Өз танысын тонап кетті – Риддер
Қаңтар айының соңында Риддер қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны жүгініп, оның ұлын тонап кеткенін хабарлаған.
Тексеру барысында полицейлер 2021 жылдың маусым айының соңында «ВАЗ» автокөлігінің салонында 21 жастағы жігіттің танысы құны 400 000 теңге тұратын смартфонды алып алғаны анықтады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 24 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.
- Бүгінгі күні күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 - бабы 2-бөлігі «Тонау», ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясымен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі,