ШҚО-да «Қызыл ту» өткелі жабылды
Өткел 26 наурыздан бастап жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдай департаменті мәлімдеп отыр.
-2019 жылғы 26 наурыздан бастап көліктің барлық түрі үшін "Қызыл Ту" өткелі жабылады. Себеп: жұқа мұз, - деп жарияланған департаменттің ресми сайтында.
Енді өзеннің бетіндегі мұз жабындысы еріп, паромдар іске қосылғанша, бұл өткелді пайдалануға уақытша тыйым салынады.
Айта кетсек, Қызыл ту - Күршім мен Көкпекті аудандарын байланыстырып тұрған, аса үлкен сұранысқа ие мұз және паром өткелі.
Оқи отырыңыз