KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда негізгі салаларды дамытуға 2,2 трлн тенге бөлінді

19.04.2023, 12:14 281

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес барысында айтылды.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, ағымдағы жылдың үш айында елдің негізгі капиталына инвестициялар 16%-ға, ал мемлекеттік бюджет кірістері 24%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Бұл ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтауды, білім беруді, экономиканың нақты секторын және инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 трлн теңге бөлуге мүмкіндік берді,– деді Премьер-Министр.

Айта кету керек, Қазақстанның халықаралық резервтері 94 миллиард долларды құрайды. Бұл ретте Ұлттық қордың активтері өткен жылдың басынан бері 3 млрд долларға өсіп, 58 миллиард долларға жетіп отыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу