Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады
Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және сізге ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ. Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат:
- төлқұжатты ауыстыру үшін - ҚР азаматының төлқұжаты;
- 16 жасқа толмаған болса - туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;
- өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;
- шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);
- консулдық төлем түбіртегі.
Қызмет көрсету мерзімі - 80 күнтізбелік күн.