Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның басты әскери тәрбиешісі тағайындалды
Ішкі істер министрінің бұйрығымен подполковник Сеитов Арман Полатұлы Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Подполковник Арман Сеитов әскери қызмет жолын взвод командирінен бастап, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының тәрбие басқармасының бастығы қызметіне дейін түрлі жауапты лауазымдарды абыроймен атқарған.
Жаңа офицерді жеке құрамға таныстыру үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығынан кадр және әскери білім беру басқармасының бастығы полковник Рустам Акбаров арнайы келді. Ол бұған дейін осы лауазымда болған полковник Атабек Салықбаевқа қызметтік жоғары кәсібилігі мен артылған сенімді ақтағаны үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметке тағайындалған офицерлерге сәттілік тіледі.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі