KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
507.07 572.53 6.37

ШҚО-да Төлеген Тоқтаровтың 105 жылдығына арналған жиын өтті

25.04.2025, 13:30 247 Ержан Әбіш

Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың 105 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Төлегеннің ерлігі – ел есінде» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шараға елге белгілі қаламгерлер мен тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, «Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров» кітабының авторларының бірі Совет Иманғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нұрдәулет Ақыш, жазушы, өлкетанушы Гүлзира Жұмағұлова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушысы Раушан Нұрбекова келіп, батыр туралы ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар Төлеген Тоқтаровтың ерлігі, оның отаншылдығы мен қайсарлығы жайлы сөз қозғады. Батырдың өмір жолына негізделген естеліктер мен кітаптарға шолу жасалып, тарихи дәйектер арқылы оның тұлғалық келбеті терең сипатталды.

– Төлеген Тоқтаров – жас та болса, жауға қарсы жанын қиған нағыз қаһарман. Ол – қазақ халқының батырлық болмысын бейнелейтін жарқын тұлға. Ерлігі – тек майдан даласындағы ерлік емес, рухтың жеңісі, – деді Нұрдәулет Ақыш.

Кездесу барысында батыр туралы көлемді еңбек жазған Совет Қапанұлына қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мазмұнды пікірталас өрбіді. Автор батыр туралы деректерді жинау барысындағы қиындықтар, архивтік материалдар мен ел аузындағы естеліктердің маңызын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу