KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, В
507.07 572.53 6.37

Өскеменде Шығыс АГРОФОРУМ–2025 өтеді

28.04.2025, 15:00 437 Төлеуғазы Жансая

30 сәуір күні Өскемен қаласында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына арналған өңірлік Шығыс АГРОФОРУМ өтеді. Іс-шарада заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, тұқымның жаңа түрлері мен тың агротехнологиялар ұсынылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көрме аясында тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік бар. Форумға сала мамандарымен бірге сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев, Ұлттық майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Өскемен қ., Казахстан көшесі, 55
Күні: 30 сәуір
Уақыты: 10:00-ден бастап

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу