KZ
Өскемен
-31°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
517.84 543.11 5.28

ШҚО-да панорамалық терезесі бар вагондар іске қосылады

Фото: Pexels

23.11.2023, 11:44 227 Оразай Жеңісұлы

Өңірдің туристік әлеуетін дамыта түсуі үшін панорамалық терезесі бар пойыздар жолға шығуы мүмкін.

Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов облыс әкімдігінің отырысында айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Панорамалық терезесі бар вагондар «Өскемен-1-Алтай» бағытында келер жылдан бастап қытынауы мүмкін. Бұл жұмыс қазір пысықталып жатыр.

Сондай-ақ қазір Шемонаиха ауданы тұрғындарының өтінішімен «Өскемен-1 - Шемонаиха» теміржол бағытын іске қосып, субсидиялау мәселесі қаралып жатыр. Өңір ішінде әуе тасымалы да жандана түседі.

- Шалғай аудан тұрғындарына әуе тасымалы қызметін қолжетімді ету үшін облысішілік әуемаршруттар санын ұлғайту мәселесі қаралады. Катонқарағай ауданындағы әуежайды қайта жөндеу және Зайсан ауданының Сәтпай ауылында әуежай салу жоспарда бар, - деді басқарма басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу