KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Ресей азаматы 17 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

25.02.2022, 17:13 149

Көші-қон қызметінің қызметкерлері заң бұзушыны Семей қаласында ұшақ билетін сатып алған кезде анықтаған.

76 жастағы облыс тұрғыны ҚР Заңнамасына қарама-қайшы екенін біле тұра, 2001 жылы жасағаны Қазақстан азаматтығымен қатар Ресей Федерациясының азаматтығын алған. РФ азаматының паспортын алғаннан кейін ол ішкі істер органдарына Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсырмай, осы жолы да Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі әуе билетін сатып алған. Оның үстіне, зейнет жасына жетіп, ол 17 жыл бойы қазақстандық зейнетақыны алып келген.

- Қазіргі уақытта ҚР азаматының құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін оны ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін азаматтарға ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу