KZ
Өскемен
-33°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
510.43 594.86 6.49

ШҚО-да қос азаматтық фактісі анықталды

14.12.2021, 17:00 401

Көкпекті ауданының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру жүргізу кезінде аудан орталығы тұрғынының Ресей Федерациясының азаматтығын алу фактісін анықтады.

Азамат зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін 8 жыл бойы Қазақстанда Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, зейнетақы алып келген. Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.     

Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды. ШҚО ПД көші-қон қызметі азаматтарға өзге елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу