KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

8 күн жоғалған малды іздеген иелеріне полицейлер 3 сағатта тауып берді

12.11.2021, 10:08 219

8 қарашада Серебрянск қаласының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Алтай ауданы Феклистовка ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Әйел полицейлерден ағымдағы жылдың 31 қазанында еркін жайылымнан жоғалып кеткен 4 сиырын іздеуге көмек сұрады.

8 күн ішінде иелері өз күштерімен ірі қара мал іздеп, бірақ іздеу нәтижесіз болған. Мал иесі шығын сомасын 1,2 млн.теңгеге бағалады.

Сол күні тәртіп сақшылары дереу криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен тұратын арнайы іздестіру тобын құрып, іздеу жқұмысына кіріскен. Полицейлер 25 шақырым жерді жүргіп өткеннен кейін қалың қарға бата бастаған, сондықтан іздеу жұмысын одан әрі жалғастырған.

- Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 сағаттан кейін криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры Ернұр Макиленов және учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Талғат Ақтанов Алтай ауданы Киров ауылының маңынан барлық 4 сиыр тауып, иелеріне қайтарды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде мал иесі полицияға оның жоғалған жануарларын іздеуде жедел әрекет етіп, кәсібилігі мен көрсетілген көмегі үшін алғысын білдірді.

Полиция департаменті мал ұрлығына және малды еркін жаюдан жоғалтуға ықпал ететін негізгі себеп-меншік иелерінің бақылауының болмауы және иелеріне: малды жайылымда қараусыз қалдырып, салғырттық танытпауға кеңес береді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу