KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Бір табын жоғалған жылқы табылды - Ұлан

19.11.2021, 14:26 305

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Бозанбай ауылының 33 жастағы тұрғыны жайылымнан 18 бас жылқы ұрлау фактісі бойынша Ұлан ауданының полиция бөліміне жүгінген. Иесінің айтуынша, мал 24-і күні еркін жайылымнан жоғалып кеткен, бір апта ішінде ер адам малды өз бетінше іздеген. Бірнеше күн сәтсіз іздеуден кейін ауыл тұрғыны полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының4-бөлігі (мал ұрлығы)бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның шеңберінде криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушілермен бірлесіп іздестіру іс-шараларына кіріскен. Іздеу шамамен 10 күнге созылды, автожолдар мен ет өнімдерін өткізу орындары жедел жабылып, көліктер тексерілді.

Іздеу нәтижесінде полицейлер Жанұзақ ауылы маңында жылқыларды тауып, заңды иесіне қайтарып берді.

- Мал ұрлығының немесе жоғалудың алдын алу үшін Полиция департаменті мал иелерін қора-қопсыларын нығайтып, малды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қораны сенімді қоршаумен нығайтып, онда жарық орнатуға кеңес беберді. Сондай-ақ, малды таңбалап биркалауды ұмытпаңыз. Егер Сіздің малыңыз жоғалып немесе ұрланған болса, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 15-24 қараша аралығында ШҚО аумағында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. 3 күнде 17 қылмыс ашылды. 66 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды, оның ішінде– 40жылқы, 26–ІҚМ.

Айыппұл тұрағына 723 қараусыз жайылып жүрген мал қамалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу