KZ
Өскемен
+13°
небольшой дождь жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Есіктері жоқ көлікпен жүрген зайсандықтар жауапқа тартылды

19.04.2024, 09:07 207 Мадина Амангелдіқызы

Зайсан қаласының тұрғындары есіктері жоқ көлікпен жүрген үшін жауапқа тартылды. 

Жол жүру қағидаларын бұзу сәті кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың бейнеролигінде түсіп, кейіннен ғаламтор желісінде кеңінен тараған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

- Зайсан қаласы көшелерінің біріндегі жастар алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікпен жүріп, өздері үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызатын сәт камера объективіне түсіп қалған. 20 жастағы жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив