Демалыс күндері 1200-ден астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды – ШҚО

Фото: baq.kz
Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.
Өткен демалыс күндері өңірде 1200-ге жуық тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда, 240-тан астам жаяу жүргіншінің ережені бұзуы, 147-і қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамағаны үшін, 92 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін, 15 жүргізуші автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін және 7 адам жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін жазаланды.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.