KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Оқу-ағарту министрі: Қандай жағдайда мұғалімдерді сенбілікке шығаруға болады

Бүгін, 09:30 25 Төлеуғазы Жансая

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагог мәртебесі мен құқықтарын қорғау шаралары туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform.kz порталына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда мұғалімдерді артық жұмысқа тарту бойынша көптеген кемшілік азайғаны байқалады. 

«Былтыр сенбілікке шығару мәселесі туралы мұғалімдер көп шағымданды. Бұл мектеп ауласы болса, басқа әңгіме, өйткені балаларды еңбекке баулуымыз керек, оны мұғалімдер жеке өзі үлгі етіп көрсетуі керек. Байқасаңыздар мен де мектеп ауласына ағаш егемін, бұл өте үлгілі нәрсе. Бірақ мектептен тыс, мектепке қатысы жоқ жерлерге тарту – мұғалімді негізгі функциясынан алаңдатады. Мұғалімнің басты міндеті – балаларға сапалы білім мен саналы тәрибе беру, одан басқасына алаңдата берудің қажеті жоқ», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив