KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Танысының құжаттарын пайдаланып 1 млн.теңге несие ресімдеген - Семей

24.09.2021, 10:07 144

Алаяқтықтардың арбауына Семей қаласының 47 жастағы тұрғыны түсіп қалды.

Ол 20 тамызда Орталық полиция бөліміне барып 2021 жылдың шілдесінде сенімге кіріп оның танысы құжатын пайдаланып банктердің бірінде 1 млн. теңге сомасына несие ресімдегенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған, 24 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу