Ауыл тұрғынының аңғалдығын пайдаланып, несие рәсімдеген
Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Рулиха ауылының 54 жастағы тұрғыны хабарласып, үстіміздегі жылдың 19 ақпанда белгісіз жігіт әлеуметтік көмек көрсетемін деген желеумен қаржы ұйымдарының бірінен 55 000 теңге сомасында несие ресімдеген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз