ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 23 сәуірге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының мәліметінше, күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз оңтүстік пен батыс өңірлерде жылдамдығы 15–20 м/с-ке дейін жетеді.
Осыған байланысты ШҚО төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
- Найзағай кезінде үйде болуға тырысыңыз. Бұл уақытта терезелер мен есіктерді жауып, электр құралдарын ток көзінен ажыратыңыз. Металл қоршаулар және басқа да электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз. Қатты жел соққан кезде сымдар мен тербеліп тұрған заттарға жақындамаңыз. Автобус аялдамаларының артына немесе ағаштардың астына жасырынбаңыз. Көлікпен жүргенде жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.
Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласуға болады, - делінген хабарламада.
Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласуға болады, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз