Еркін күрестен ӘЧ-2024: Нұрқожа Қайпанов финалға шықты
Фото: Оlympic.kz
Еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов Тирана қаласында (Албания) өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол тәжікстандық Абдулмажид Күдиевті айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіп шықты. Есеп - 13:2.
Шешуші жекпе-жек бүгін, 31 қазанда өтеді.
Оқи отырыңыз