KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Елімізде банктік несиелер бойынша шекті мөлшерлемелер белгіленді

8.01.2026, 16:30 105 Ержан Әбіш

Қазақстанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейлері бекітілді. Тиісті шешім Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес, банктік қарыздар бойынша ең жоғары жылдық мөлшерлемелер мынадай деңгейде айқындалды:

кепілсіз банктік қарыздар үшін – 46%, 
кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар үшін – 35%, 
ал ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 25%.

Сондай-ақ микроқаржылық ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс. Ал мерзімі 45 күнге дейінгі және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер үшін сыйақы мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан, жылдық есеппен 179%-дан жоғары болмауы қажет.

Аталған шектеулер қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға және қаржы нарығындағы тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу