KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, СБ
509.94 593.88 6.43

Полицейлер инсульт алған жүргізушінің өмірін сақтап қалды – ШҚО

Кеше, 10:30 82 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, инсульт алған жүргізушінің өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz.

2026 жылғы 8 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де Белоусовка ауылының 61 жастағы тұрғыны жеке автокөлігімен Өскемен қаласына азық-түлік алу үшін жолға шыққан. Алайда облыс орталығына кіре берісте оның денсаулығы күрт нашарлап, өзін жайсыз сезінген жүргізуші көлігін жол жиегіне тоқтатуға мәжбүр болады.

Жол жиегінде тұрған көлік Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының «ПА-466» экипажының назарын аударған. Қызметтік бағыт бойынша патрульдеу жүргізіп жүрген полиция аға лейтенанттары Ақылбек Базылбеков пен Ғазиз Шәменов дереу тоқтап, азаматқа көмек көрсетеді.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары ер адамның бойынан инсультке тән белгілерді анықтаған. Уақытты жоғалтпай, полицейлер шұғыл шаралар қабылдап, науқасты №1 қалалық ауруханаға дейін ілесіп жеткізді. Соның нәтижесінде жүргізушіге дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, өміріне төнген қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды, әсіресе, қыс мезгілінде көлік басқару кезінде денсаулық жағдайына мұқият болуға шақырады. Өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда қозғалысты дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну қажет. 



Фото: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу