ШҚО архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында жаңа басшы
Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Азамат Мұхамедчинов 1978 жылғы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Асубұлақ кентінде дүниеге келген. Жоғары музыкалық білімі бар. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аймақтық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы рет Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
Оқи отырыңыз