KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, Ю
522.91 548.85 5.05

Әлемдік рейтингтегі серпіліс: 2024 жылы креативті индустрия қалай дамыды?

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
10.12.2024, 10:00 61 Төлеуғазы Жансая

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылғы қызметін қорытындылап, креативті индустриялар саласындағы негізгі жетістіктерді ұсынады.

​Креативті индустриялардың  дамуы – Мемлекет басшысының жіті бақылауындағы сала.

«Креативті индустрия еліміздің экономикасын өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында.

2024 жыл Қазақстанның креативті индустриялары үшін маңызды кезең болды. Global Innovation Index-2024 әлемдік рейтингісінде «Креативті тауарлар мен қызметтер» көрсеткіші бойынша Қазақстан 93-ші орыннан 65-ші орынға көтерілді.

Бұл жетістік – жоспарлы жұмыс пен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. Креативті экономиканы одан әрі  дамыту үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі жеке шаралар пакетін әзірледі.

Ведомствоның алғашқы міндеттерінің бірі креаторларды көлеңкелі экономикадан шығару болды. Осы мақсатта тізімге арнайы салық режиміне жататын шығармашылық қызметтің 40 түрі енгізілді. Бизнес салықтың барлық түрлерін (КТС, ЖТС, ҚҚС) төлеуден босатылып, тек бірыңғай салық – ЖК үшін – 2-4%, ЖШС үшін – 8% төлейді.

Нәтижесінде бүгінде креативті индустрия саласында 135 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Олардың саны 2029 жылға қарай екі есе артады деген  болжам бар.

Креативті өнімдер мен қызметтер – адам еңбегінің өзіндік ерекшелігімен, жаңашылдығымен және жоғары құндылығымен сипатталады. Мемлекеттің міндеті – зияткерлік меншіктің қауіпсіздігі мен оның қорғалуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) тығыз ынтымақтастық орнатылды. Оқыту семинарлары, тренингтер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ ДЗМҰ, СІМ және ӘМ қазақстандық креаторлар үшін білім беру платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Креативті тауарлар мен қызметтерді коммерцияландыруды қолдау үшін оларды Қазақстан банктерінің маркетплейсіне орналастыру жөнінде уағдаластыққа келісім жасалды.

Тағы бір маңызды мәселе – креаторлар үшін инфрақұрылым құру. Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық ірі қалаларында хабтар жоспарлы түрде ашылып жатыр. Қазіргі уақытта мұндай орталықтар Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе және Алматы облыстарында жұмыс істейді.

Сонымен қатар Корпоративті қор да құрылып жатыр. Қордың негізгі міндеті халықаралық нарыққа креативті тауарлар мен қызметтерді шығару, таланттарды қолдау, өнімдер мен зияткерлік қызмет нәтижелерін экспорттау және коммерцияландыру болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу