Өскеменде креативті индустрия орталығы ашылады
Бүгінгі таңда креативті индустрияны дамытудың маңызы артып келеді. Цифрлық технология тетігі арқылы рухани құндылықтың бағасын арттырып, жаңашыл шығармашылық идеяларды жүзеге асыру мақсатында Өскеменде креативті индустрия орталығы ашылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада зиялы қауым өкілдері бас қосты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен өткен кездесуде ұтымды ұсыныстар мен креативті идеялар айтылды.
Жиын барысында бұдан былай шығармашылық идеялар шоғырын цифрлық технология тетігі арқылы жүйелі түрде жүзеге асырып, креативті индустрияны дамыту үшін арнайы орталық ашылатыны айтылды.
Сондай-ақ әкімшілік өкілдері жиын барысында ортаға салынған ұсыныстар мен жаңашыл идеялардың ескерусіз қалмайтынын айтты.