2022 жыл – қазақ кино өнері үшін де жемісті болды
шартты сурет
Елімізде 2023 жылы «Mәдениет week» халықаралық форумы өтеді.
Ауқымды іс-шараның мақсаты – еліміздің мәдени мұрасын қалыптастыратын креативті индустрия саласындағы сарапшылар, ғылыми қауымдастық және қалың жұртшылық үшін тұрақты жұмыс істейтін пәнаралық платформа құру,
Жалпы, мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау – өте маңызды инвестиция. Ел билігі оны жүргізудің оңтайлы әдісін таңдай білді. Дәстүрлі өнерге де, жаңа креативті индустрияға да назар аударылады.
Ел Президентінің 2022 жылғы елеулі реформалары қазақ киноөнерін де жемісті еткенін айтуымыз керек. Жамбыл Жабаев пен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған тарихи картиналарды («Жамбыл. Жаңа дәуір», «Соңғы үкім») түсіру аяқталды. 14 фильмнің премьерасы болды. Айдын Сахаманның «Дос-Мұқасан» фильмі отандық кинопрокат бойынша отандық фильмдер арасында көш бастады – кассадан түскен түсім 500 миллион теңгені құрады.
Қазақ фильмдері өткен жылы 6 халықаралық «А» класы кинофестивалінде жүлделі орындарға ие болды. Қазақ киносының күндері әлемнің 13 елінде өтті.