KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
525.11 546.74 4.88

Тракторшының қарызы - ШҚО

1.02.2022, 11:40 349

Семей қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жол-көлік оқиғасы салдарынан залал келтірген 51 жастағы борышкерге іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен.

Белгілі болғандай, ер адам 2019 жылы шаруа қожалығында трактор жүргізушісі болып жұмыс істеген, мас күйінде жол-көлік оқиғасына түсіп, трактор иесіне 500 000 теңгеден астам материалдық шығын келтірген, алайда үш жыл бойы қаражатты төлемей қашып жүрген.

Қарызын күте шаршаған жәбірленуші 2021 жылы борышкерден ақша өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге шешім қабылдады.

- Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қысқа мерзім ішінде тәртіп бұзушының тұрған жерін анықтаған. Белгілі боғандай, ер адам Семейден Павлодар облысына көшіп кетіп, жеке кәсіпкердің қоластында жұмыс істеп жүрген, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Енді қарызды өндіріп алумен жеке сот орындаушылары айналысады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу