KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
524.75 540.6 5.12

Былтыр мүгедектікті белгілеу бойынша 97 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

pexels.com

Бүгін, 17:00 41 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен 96,9 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрады. Қазіргі таңда сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүзеге асырылады.

2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралып, бұл мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрады.

Ел Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасау, олардың инстанциялар мен қағазбастылықпен жүруін болдырмау, сондай-ақ қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылар арасындағы тікелей байланыстарды шектеу қажеттігін атап өткен болатын.

Аталған тапсырманы орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірге Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режімде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.

Мүгедектік тобын белгілеу қызметін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгініп, қажетті тексеруден өтеді, қалған барлық процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы оның қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Сырттай куәландыруға көшу мынадай артықшылықтар береді:

  • әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
  • МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
  • мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігін тудырады;
  • қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланыстарды болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу