Келер жылы Қазақстанда дарынды балаларға арналған «ABAI ULTTYG MEKTEBI» ашылады
pexels.com
Алматы қаласында дарынды балаларға арналған алғашқы ұлттық мектеп – «ABAI ULTTYG MEKTEBI» бой көтереді. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асуда,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ABAI ULTTYG MEKTEBI» Абай Құнанбайұлының философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделеді. Мектептің оқу бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытуға бағытталған. Бұл мақсатта Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толық пайдаланылатын болады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев:
Жаңа білім беру нысанының құрылысы 2022 жылдың қараша айында басталды. 900 оқушыға арналған мектептің инфрақұрылымында:
- мектеп-пансион,
- мұғалімдерге арналған үйлер,
- заманауи кітапхана,
- спорт кешені,
- жылыжай аумақтары және басқа да қажетті ғимараттар қарастырылған.
Жаңа мектептің ашылуы 2026 жылға жоспарланған.