KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия Кубогында 14 медальмен көш бастап тұр

17.02.2025, 15:30 196 Гульжан Мусина

Таиланд астанасы Бангкокта нысана көздеуден Азия Кубогы жалғасып жатыр. Бір аптадағы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен 1-орынға шықты.

Назарларыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
Алтын:
Қазақстан ерлер құрамасы (Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин) 10 метрден пневматикалық винтовка;
Қазақстан құрамасы (Константин Малиновский, Елизавета Безрукова) 10 м, пневматикалық винтовка;
Олег Носков (жасөспірімдер арасында) 10 метрден пневматикалық винтовка;
Кирилл Цуканов (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;
Қазақстан ерлер құрамасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;

Күміс:
Ислам Сәтпаев, 10 м, пневматикалық винтовка;
Валерий Рахымжан 10 м, тапанша;
Қазақстан әйелдер құрамасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова)
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (Малика Сейіл, Кирилл Федькин) 10 м, тапанша;
Қазақстан әйелдер құрамасы (жасөспірімдер) Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова - 10 м, тапанша;
Қазақстан ерлер құрамасы (жасөспірімдер) Ринат Казаченко, Олег Носков, Дмитрий Ким, 10 м, тапанша;

Қола:
Александра Ле, 10 м, пневматикалық винтовка;
Қазақстан жасөспірімдер командасы (Олег Носков, Анастасия Григорьева) 10 м, пневматикалық винтовка;
Кирилл Федькин (жасөспірімдер арасында) 10 м, тапанша;

Айта кетейік, биыл құрлықтағы 23 мемлекеттен 320-ға жуық спортшы бәсекеге жиналды. Азия Кубогы 22 ақпанда аяқталады. 2-орында 3 алтын медалі бар Сингапур келе жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу