Қазақстан құрамасы велотректен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: Instagram/qaz_olympics
Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара-спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Бəсекенің алғашқы күні із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.
Олардың уақыт көрсеткіші - 4:03.129 секунд. Алтын медаль Жапония құрамасының еншісінде болса, күміс Қытай еліне бұйырды.
Сондай-ақ тағы бір отандық құрам спринттен (Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев) 5-сатыға жайғасты.
Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды.
Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.
Айжанат Бақытқызы