KZ
Өскемен
-30°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
510.43 594.86 6.49

Жас жазушылар Президенттік әдеби сыйлықпен марапатталды

26.02.2025, 13:00 587 Гульжан Мусина

Ұлттық музейде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен қатысты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жиында «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында 20 жас қаламгердің кітаптарының тұсаукесері жасалды. Бұл жоба аясында әр қаламгерге 4 млн теңге көлемінде қаламақы тағайындалды. 

Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері:

Проза – Есбол Социалхан («2026» шығармасы)
Поэзия – Жәнібек Әлиманов («Боз ұшқат» өлеңдер жинағы)
Драматургия – Әлишер Айтуар («Апатай» драмалық туындысы)
Балалар әдебиеті – Әсет Сыздықов («Рокет Ера» повесі)

Сондай-ақ, алдағы уақытта еңбек мамандықтарының маңызын насихаттайтын «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы ұйымдастырылады. «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы да өз жалғасын табады. Президенттік әдеби сыйлық 2023 жылы Президент Жарлығымен тағайындалған болатын. 

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу