KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Жас жазушылар мен ақындар үшін әдеби сыйлық тағайындалды

9.06.2023, 20:03 389 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды.

Биыл елімізде жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік әдеби сыйлық тағайындалып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Әдеби сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті».

Сыйлыққа үміткерлер өтінімдерін 30 маусымға дейінгі мерзімде  010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Мәңгілік ел» даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» мекенжайы бойынша, 15-кіреберіс, 256-кабинеттегі уәкілетті органға қағаз түрінде жолдауы қажет.

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі (қағаз түрінде):

- Президенттік сыйлық алуға өтінім;

- үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;

- Президенттік сыйлыққа үміткер жариялаған не үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмесі (бар болса);

- екінші деңгейдегі банктерде банк шотының бар екенін растайтын анықтаманың көшірмесі;

- Қазақстан Жазушылар одағынан (филиалынан) Президенттік сыйлықтан үміткерге шығармашылық мінездеме;

- үміткердің жетістіктерін айғақтайтын өзге де материалдар (бар болса).

Президенттік сыйлық әр номинация бойынша бір үміткерге ғана тағайындалады. Сыйлықты қайта тағайындауға жол берілмейді. Үміткер бір номинацияға ғана өтінім ұсына алады.

Президенттік сыйлыққа ие болған тұлғаларға «Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы беріледі. Сондай-ақ  диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады. Сыйақы мөлшері – әр номинацияға 4,1 млн теңге.

Толығырақ ақпаратты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан алуға болады. Байланыс телефондары:   +7 (7172) 74 04 08; +7 (7172) 74 03 84.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив