KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность Штиль
499.04 544.45 5.96

Балалы отбасыларды қолдау: жыл басынан бері 153,6 млрд теңге төленді

pixabay.com

Бүгін, 12:00 66 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың басынан бері мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы бала тууына және 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдермен 211,3 мың адам қамтылып, жалпы 153,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 62 мың адамға 11,2 млрд теңге төленді, оның ішінде ақпанда 28,3 мың адам 5,1 млрд теңге алды. Бұл жәрдемақыны Қазақстан азаматтары, қандастар және елде тұрақты тұратын шетелдіктер ала алады.

Жәрдемақы мөлшері:

  • Бірінші, екінші, үшінші балаға – 149 416 теңге (38 АЕК)
  • Төртінші және одан көп балаға – 247 716 теңге (63 АЕК)

Жыл басынан бері 123 мың адамға 7,2 млрд теңге төленді, оның ішінде ақпанда – 3,6 млрд теңге.

Ай сайынғы төлем мөлшері:

  • Бірінші балаға – 22 648 теңге
  • Екінші балаға – 26 777 теңге
  • Үшінші балаға – 30 866 теңге
  • Төртінші және одан көп балаға – 34 995 теңге

Жұмыс істейтін аналарға жүктілігі және босануы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Биыл бұл төлемді 43,4 мың адам алып, жалпы сомасы 61,1 млрд теңгені құрады. Ақпанда 20,5 мың адамға 27,8 млрд теңге төленді. Орташа төлем мөлшері – 1 696 669 теңге.

2025 жылдың 2 айында бұл төлем 44,9 мың адамға тағайындалып, 74,1 млрд теңге төленді. Ақпанда 20,7 мың адамға 36,9 млрд теңге төленді. Орташа айлық төлем – 93 193 теңге.

Бұл төлем жұмыс істейтін ата-аналарға соңғы 2 жылдағы орташа айлық кірістің 40 пайызы көлемінде есептеледі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға беріледі.

Мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшері жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты индекстеледі. Биыл бұл көрсеткіш 6,5 пайызға артты. Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі бойынша барлық төлемдер уақытылы жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу